Тәрбие жұмысы

Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты: кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті колледж білім алушыларының қалыптасуы, дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы және әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

Тәрбие жұмысының міндеті:

1) ұлттық мәдениетке, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге баулу арқылы білім алушылардың жалпы мәдениетін дамыту;

2) білім алушыларға азаматтық және патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру; 3) білім алушылардың дене бітімі, зияткерлік, адамгершілік және рухани дамуы үшін жағдайлар жасау;

4) білім алушылар арасында діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтардың, суицидтің, зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

5) ғылыми-ағартушылық, дене шынықтыру-спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

6) білім алушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

7) білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін, олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

1. қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;

2. рухани-адамгершілік тәрбие;

3. ұлттық тәрбие;

4. отбасылық тәрбие;

5. еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

7. зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;

8. дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Колледжде келесі бағыттар бойынша үйірмелер, клубтар мен секциялар жұмыс істейді:

- азаматтық-патриоттық және құқықтық:

"Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубы, "Sanaly urpaq" клубы, "Жігер" пікірсайыс клубы; - кәсіби-бағдарланған: "Кәсіби қазақ тілі" үйірмесі, ағылшын тілі үйірмесі, өрт-қолданбалы спорт;

- рухани-адамгершілік: "Қамқор"еріктілер клубы;

- эстетикалық: сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі, техникалық шығармашылық, көркемөнерпаздар;

- спорттық-сауықтыру: "Атамекен" экологиялық клубы, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, баскетбол, футбол, гір спорты, армрестлинг, шаңғы спорты, жеңіл атлетика, жазғы және қысқы президенттік көпсайыс бойынша спорт секциялары.

Колледжде әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда:

- "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП100 студенті";

- «Ашық жүрек»;

- «50 үздік бизнес идеялар»;

- «Көшбасшы»;

- «Жас сарбаз»;

- «Sanaly urpaq»;

- «Кәсіпқой»;

- «Ұлы Дала»;

- «Ата-аналар мектебі»;

- «Саламатты жастар»;

- "Салауатты колледж".



Текст
Виртуальная приемная